Симфониялық оркестрт концертке шақырады
29 сәуір күні сағат 17.00-де “Шалқыма” концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
Концерт бағдарламасы бойынша В. А. Моцарт “Фигароның үйлену тойы” операсына увертюра, Э.Григтің фортепианоға арналған оркестрмен концерті, 16-шы шығарма, және Людвиг ван Бетховен Симфония № 7 ля мажор, 92-ші шығармалары болады.
Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Радия Оразалинова (фортепиано, Астана қ.).
Дирижер – “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсембаев (Астана қ.).
Билеттерді “Шалқыма” к/з кассаларынан немесе ticketon.kz сайтынан алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz