Тағзым

Сиқырлы саздың иесі Сейіл әнші…

Сурет: Сейіл Аяғанның жеке мұрағатынан

Бүгін Қарағанды облысының мәдениеті, жалпы қазақ өнері қабырғаны қайыстырған қайғыдан қара жамылды. Гитара аспабы арқылы қалың көпшілікке қоңыр дауысымен танылған белгілі әнші-композитор Сейіл Аяғанов 50- ден асқан шағында өмірден өтті.

Аяулы әншінің барша туған-туыстары мен жақындарына Қарағандының барша мәдениет саласы өкілдері атынан қайғыра көңіл айтамыз!

Сейіл әнші кешегі Мәди мен Әсет, Жүсіпбек пен Манарбек секілді ән дүлдүлдері абыройын асқақтатқан Сарыарқаның қасиеті дарыған ерекше дарынды өнер иесі еді.

Сейілдің сиқырлы дауысымен танылған «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат» секілді көптеген әуезді әндері кімнің де болмасын жүрегін баурап, есінде біржола сақталып қалатын туындылар еді. Ол әнді жүрегімен орындайтын, сонысымен барша тындарманның жүрегінен орын ала білді. Өзі қандай таза, ақкөңіл, ақжарқын болса, салған әндері де сондай таза, сылдыр қаққан мөлдір бұлақтай еді…

Жаратылысы бөлек, көпшілікке жібектей ерекше мінезімен танымал Сейіл Аяғановтың бейнесі барша қазақ халқының жадында мәңгі сақталады. Сүйікті әншісін қимай, қайғырмаған қазақ жоқ шығар. Амал не, ажалдың қатал оғынан ешкім де аман қалмаған…

Иманы саламат, топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын!

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button