Жаңалықтар

Шомыламын деп суға батып кеткен

Аймақта демалыс күндері екі адам суға батып, қаза тапты. Төтенше жағдай қызметінің мамандары бұл жағдайды тұрғындардың тыйым салынған жерге шомылып, қауіпсіздік ережелерін сақтамағандығынан болған жағдай деп түсіндіруде.

Қайғылы оқиғаның бірі сенбіде, Нұра ауданында орын алды. Нұра өзені, Егінді ауылынан 3 шақырым жерде 2009 жылы туған қыз бала суға батып кеткен. Оқиға орынына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы-сүңгуірлері жіберілген. Құтқарушылар қыздың денесін оқиға орнынан 15 шақырым қашықтықтан тапқан.

Ал, екінші оқиға Бұқар жырау ауданы, Мамыр ауылының маңында жексенбі күні орын алды. Нұра өзеніне достарымен демалуға барған 1997 жылы туған ер адам суға батып кеткен. Құтқарушылар ер адамның денесін оқиға орнынан 60 метр қашықтықтан 3 метр тереңдікте батқан жерінде алған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button