АймақШет

Шеттегі игі шаралар

Шет ауданында біршама жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Ақсу-Аюлы ауылындағы қатты қалдықтар төгетін қоқыс полигоны ретке келтіріліп, сырты қоршалды. Сонымен қатар, Көктіңкөлі округіне қарасты Жыланды ауылының кіре берісіндегі жолдың 10 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Аудан әкімі Мұхит Мұхтаров оқиға орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Суреттер: Аудан әкімдігінің сайтынан

Аудан орталығындағы қоқыс полигонын ел жақсы біледі. Арнасынан асып-толып жатқан қоқыс күреліп, 1100 метр аумаққа қоршау тұрғызылды. Әрі тұрғындар қоқысты жолдың әр жеріне тастамауы үшін жол бойына арнайы арық қазылған. Ал, полигонның кіре берісіне жол төселіп, кәріз қалдықтарын төгуге арнайы орын белгіленген. Енді полигон алаңында қоқыс төгу бақылауға алынды. Қоқыс төгіп, ұсталып қалғандар заң алдында жауап береді.

Сонымен қатар, Жыланды ауылының кіре берісіндегі жолдың 10 шақырымында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары да тәмам. Бұған жауапты мердігер «Жаңа» шаруа қожалығының арнайы техникасының көмегіне жүгінген. Соның нәтижесінде, жолдың кедір-бұдыры тегістеліп, жиектері кеңейтілді. Су өткізгіш құбырлары қайта қалпына келтіріліп, барлық борттарына бетон құйылды. Қосымша жетіспейтін құбырлары орнатылды.

Аудан әкімі жөндеу жұмыстары жүргізілген орынға арнайы барып, көріп қайтты. Әрі бөлінген қаржы көлемінің аздығына қарамастан сапалы жұмыс атқарған шаруа қожалығының басшысы В.Ковальчукке аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Шет ауданы

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button