АймақРесмиШет

Шет ауданында биыл 10 ауылда жолдар жөнделеді

Шет ауданында биыл 10 ауылда жолдар жөнделеді. Барлығы 24 шақырымнан астам жол төсемі ретке келтіріледі. Шет ауданының дамуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте аудан әкімі Мұхит Мұхтаров айтып берді.

Сурет : Облыс әкімінің баспасөз қызметінен

– Сондай-ақ, аудандағы облыстық маңызы бар жолдарды орташа жөндеумен қамтуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Мұхит Мұхтаров. – 2023–2024 жылдарға ауданда “Жайлы мектеп” жобасы аясында С. Сейфуллин және Ақсу-Аюлы ауылдарында барлығы 500 орындық екі мектеп салу жоспарланған.

Биыл ауданда 10 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 11 медициналық пункт құрылысы басталады. “Ауыл – Ел бесігі” жобасы аясында республикалық бюджеттен Мойынты кенті мен Босаға ауылының Мәдениет үйлерін күрделі жөндеуге қаржы бөлінді.

Аудандық бюджет есебінен Ақсу-Аюлы, Ақой, Бұрма ауылдарының мәдениет үйлерінің жылыту қазандықтарын көшіру жоспарланған.

Сонымен қатар, биылғы жылы Ағадыр, Ақсу-Аюлы, Босаға, С.Сейфуллин, Мойынты елді мекендерінде 164 жарықтандыру тірегі орнатылады. Аудан орталығы мен Ағадырда үш көпқабатты үйдің қасбеттері мен шатырлары жөнделеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button