АймақШет

Шет ауданында 300 балаға арналған мектеп бой көтереді

Мойынтыдағы ескі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегелі қашан? Бүгінде өңі кетіп, ескіріп тұр. Өңір басшысы «ауданға жұмыс сапарымен келеді» дегенді естіген ауыл тұрғындары осы мәселені көтеріп, алдынан шықты. Ал, Ермағамбет Бөлекпаев аудан тұрғындарын жағымды жаңалығымен қуантты.

Мойынтыдағы мектептің ғимараты ескі. Білім алып жатқан балалары үшін алаң болған ауыл тұрғындары аймақ басшысынан осы мәселені шешіп беруін сұрады.
Ал, оған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қыруар қаржы кететіні айтпасақ та түсінікті. Осы мәселені назарда ұстап, алдағы уақытта тиісті шара қолданылатынын айтты.

Және аудан орталығы мен С.Сейфуллин кентінде «Жайлы мектеп» республикалық жобасы аясында 300 орындықты жаңа мектеп салынатынын мәлімдеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button