Шекара маңындағы ауыл тұрғындарының жалақысына 50% үстемақы енгізіледі
Шекара маңындағы ауыл тұрғындарының жалақысына 50% үстемақы енгізілмек. Олардың 1 жыл еңбек өтілін 1,5 жылға теңестіру де жоспарланып отыр, деп хабарлайды ortalyq.kz Qazaqstan.tv телеграм-каналына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігінің Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, төтенше табиғи-климаттық жағдайлары бар шекара маңындағы аудандардың тұрғындары үшін, яғни жылыту маусымы 9 айға созылатын аумақтарда еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Сондай-ақ көрші мемлекеттердің БАҚ ықпалын төмендету мақсатында отандық цифрлық эфирлік теле және радио хабарларын тарату телеарналарымен қамтамасыз етіледі.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.