Ұлытау

Шеңбердегі шарапатты іс

Жуырда Ұлытау ауданындағы Шеңбер селолық округінің орталығы Қорғасын ауылының 1981 жылғы тумалары өздері өсіп-өнген мекендегі мешіттің сыртқы қоршауын орнатып берді. Шарапатты іске ауыл халқы дән риза.


Селолық округ әкімі Сағат  Сұлтановтың айтуынша, бұл мешіт ауыл тумасы, жомарт жүректі азамат Сабыр Әбдіхалықовтың жеке қаржысына салынған екен. Туған жерінің көркеюін өмірлік мұраты еткен марқұмның көзіндей болған Нұржан есімді ұлы биыл өз құрдастарының басын қосып, 600 мың теңге қаражатқа осы нысанның қоршауын орнатқан.
Қазір көшелері көріктеніп, түнде жарық беріліп, тазалығы тап-тұйнақтай күйге енген ауыл ажарлана түскен. Осында түтін түтеткен ағайынның келер күндерден де күтер үміттері зор. «Қазгеология» мамандары іргеде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқанын да құлақ шалды.

Иә, шалғайдағы Шеңбер – алпыстан аса шаңырағы бар, ымыра-бірлігі жарасқан алақандай ғана ауыл. Тұрғындарының дені мал өсіреді, егін салады. Көптің басты проблемасы жол. Сондықтан, «Билік бір кездегідей «АН-2» қондырмаса да, автокөлік жолын асфальттап берсе болғаны» дейді шеңберліктер. Егер, жолдың жайы ретке келтірілсе, туризмді түлету мәселесі де оң шешімін табар еді.


Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button