Жаңалықтар

Шарында сілеусін фототұзаққа түсті

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, кейінгі екі жылда сілеусін алғаш рет Шарын ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзаққа түсті. 

Жыртқыш, негізінен, түнде жортады. Жүрген дыбысын сездірмейді. Ала сілеусін ағаштардың арасында көзге түсе қоймайды. Күн сәулесі түскен кезде де көзге байқалмай қалады. Көбінесе түнде жортатын жыртқышты күндіз кездестіру қиын.

Жемтікке шабуыл жасаған кезде 4 метрге дейін секіре алады. 1 күнде 30 шақырымға дейін тоқтаусыз жортады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button