Шала туған нәрестелер үшін жаңа аппарат алынды
Балқаштың орталық ауруханаға осы айда терапия палатасы үшін үш бірдей өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды. Ол аппарат шала туған нәрестелердің өмірін сақтап, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді.
– Т-жүйелері балаға оттегін беріп қана қоймайтындай етіп жасалған. Құрылғы арнайы қысымды басады. Бұл өкпені ауыртпалықсыз ашуға және баланың өздігінен тыныс алуына көмектеседі. Біз жаңа туған нәрестелер туралы айтып отырғандықтан, олармен өте нәзік жұмыс істеу керек, – деді орталық аурухананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Виталий Омаров.
Ал ФГДС кабинетіне автоматты жуу және дезинфекциялау жабдықтары мен эндоскоптарды сақтауға арналған арнайы шкаф алынды. Өндіруші елдер – АҚШ және Италия.
– ФГДС жүргізу үшін қолданылатын құралдарды әр пациенттің алдында жуып, дезинфекциялау керек. Бұрын бұл қолмен жасалды, көп уақыт қажет болды. Жаңа құрылғы бәрін өзі жасайды. Ал шкаф жабдықты дұрыс пішінде ұстауға көмектеседі, – дейді Виталий Омаров
Ербол ЕРБОЛАТ,
Оrtalyq.kz