Ресми

«Шахтерда» – жаңа атқарушы директор

«Шахтёр» футбол клубы директорлар кеңесінің шешімімен Асқар Зубайділдаұлы Әбілдаев атқарушы директор қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл міндетті Ерлан Оразаев атқарған болатын.

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Асқар Зубайділдаұлы – Қазақстан футбол федерациясының жалпы футбол департаментінде директор және «Шахтёр» мен «Каспийдің» атқарушы директоры ретінде жұмыс істеп, «Астананың» спорт директоры қызметінде болған. Оған қоса, Қазақстан футзал федерациясының және департаментінің директоры болып қызмет еткен.

Бұдан бөлек, Асқар Әбілдаев футболшы ретінде қарағандылық «Шахтердың», павлодарлық «Аңсат» және алматылық «Қайраттың» сапында өнер көрсеткен.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button