Спорт

«Шахтер» жастары – Ұлттық құрама сапында

Футболдан «Қазақстан U21» жастар құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Шотландия жастарымен кездеседі. Ал, 26 наурызда отандастарымыз өз алаңында Мажарстан жастар құрамасын қабылдайды. Осы ойынға қарағандылық «Шахтер» футбол клубының ойыншылары жастар құрамасына шақырту алды.

Сурет: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде отандастарымыз «В» тобында өнер көрсетеді. Бұған дейін төрт ойын өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Әзірге 3 ұпаймен – V орында.

Қазақстан жастар құрамасының сапына «Шахтер» ойыншалары Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла, Данил Карпиков шақырту алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button