Спорт
«Шахтер» ұпай еншілей алмады
Қарағандылық «Шахтер» клубы ел чемпионаты басталғалы ұпай еншілей алмай келеді. Жерлестер ІІІ турда өз алаңында түркістандық «Тұран» клубын қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алаң қожайындары допқа иелік ету көрсеткіші жағынан қарсыластарынан басым болғанымен, нәтиже ойдағыдай болмады. 7-ші минутта қарсылас команда шабуылшысы Вака Леонардо есеп ашты.
39-шы минутта қорғаушы Слука Бранислав әріптесі Павел Киреенконың асырған пасын қақпаға бағыттап, есепті еселеді.
Осылайша жерлестер түркістандықтардан айласын асыра алмай, турнир кестесіндегі соңғы орынға табан тіреді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz