Спорт

«Шахтер» грузиялық футболшымен толықты

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы грузиялық қорғаушы Имеда Ашортиамен толықты.

Сурет: Sports.kz сайтынан

27 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін Грузияның «Мерани», «Дила», «Колхети», «Цхинвали», «Шукура» және әзірбайжандық «Туран» клубтарында өнер көрсеткен. Ашортияның соңғы клубы грузиндік Телави болды. Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық клуб сапында тағы бір грузиялық футболшы – қорғаушы Антон Толордава өнер көрсетеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button