Бас тақырыпСпорт

«Шахтер 2014»: әйгілі англия клубын финалда сан соқтырды

Футболдан Абу-Дабиде (БАӘ) 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында Аbu dhabi cup 2024 турнирі өтті. Оған қарағандылық «Шахтер» футбол клубының «Шахтер 2014» командасы қатысып, чемпион атанды.

Суреттер: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

«Шахтер 2014» клубының жетекшісі – Жәнібек Аллабергенов. Жерлестер турнирде 9 кездесу өткізіп, оның 8-інде жеңіске жетті. БАӘ, Англия, Оман, Оңтүстік Африка, Үндістан, Ресей, Швейцария, Уганда және Испания секілді ел командаларынан айласын асырды.

Топтық кезеңде сәтті өнер көрсетіп, ақтық бәсекеге ІІ орынмен жолдама иеленді. Ал, финалда Англияның «Манчестер Сити-2014» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button