Жаңалықтар

Шахматқа әркімнің-ақ бар таласы

Қарағандыда тамызда өткен Senat Оpen шахмат турниріне депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Жартылай финалдық ойынның қорытындысы бойынша финалда үздік гроссмейстер атағына таласатын 25 шахматшы іріктелді. Астанадағы финалда Қазақстанның түпкір-түпкірінен 2 мың әуесқой ойыншы бас қосып, Қарағанды қалалық мәслихаты кіші кубок иегері атанды.

Қарағандыда өткен байқауда Абай ауданындағы мәслихат депутаты Бекмұрат Ағзамов жеке номинацияда «Үздік депутат» атағын жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир шахматты өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған. Финалда халық қалаулылары, журналистер, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері арасында үздік ойыншылар анықталды.

Ұзақ уақыт бойы бұл ойын әдеттегі спорттан асып түсті. Бүгінде шахмат ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қарағанды облысында 40 мыңға жуық баланы, жастар мен ересектерді біріктірді. Логикалық ойлауды дамытып, өмірде тез және саналы түрде шешім қабылдауға көмектеседі.

– Бүгінде шахмат жай спорт түрінен әлдеқайда асып түсті. Балалардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға белсенді қатысады. Ал, кубок депутаттардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінің, қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Әр облыс­та, республикалық бағыныстағы әрбір қалада және Астанада 20 іріктеу турын өткіздік. Шахмат үстелінде қоғам қайраткерлерімен бірігіп, кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік бар, – деді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко.

Жалпы ашық кубоктың іріктеу кезеңдері 15 облыста және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өтті. Әр аймақтан үздік 25 ойыншы аймақтық бөлініс бойынша ұйымдастырылған жартылай финалдарға жолдама алды.

Қарағанды облысының жартылай финал жеңімпаздары: Абай ауданының мәслихат депутаттары – Бекмұрат Ақзамов, Сергей Могила, еңбек ардагерлері – Сергей Игнатьев, Сергей Корабельников, Николай Примаков, Петр Руденко, Жастар кеңесінің мүшесі – Әлібек Нұрмағамбетов Астанада Senat Open шахмат кубогы үшін сайысқа түсті. Жоғарыда атап өткендей, «Үздік депутат» номинациясында Бекмұрат Ақзамов жеңімпаз атанып, Қарағанды қалалық мәслихаты іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде шағын кубокты иеленді. Шахмат ойнау – Бекмұрат Ағзамовтың хоббиіне айналған.

– Жастайымнан шахматты жақсы көремін. Бұрын облыс, қала, аудандар бойынша жарыстарға қатыстым. Ойын маған талдауға көмектеседі. Соның арқасында мен уақытымды нақты жоспарлап, стратегиялық тұрғыда ойлана аламын. Барлық ата-аналарға балаларды шахматқа беруге кеңес беремін, – дейді шахматшы Бекмұрат Ағзамов.

Айта кеткен жөн, өткен жылы шахматты дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданған болатын. Сондай-ақ, шахматты «Дене шынықтыру» пәнінің үлгілік оқу жүйесіне енгізу жоспарлануда.
Үлкен қызығушылыққа орай Senat Оpen форматындағы турнир жарыстары жыл сайын ұйымдас­тырылмақ. Қатысушылар құрамы кеңейе түсуі мүмкін.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Сурет ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button