Шабысы – дүлдүл, дауысы – бұлбұл

     Жуырда жерлесіміз, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің білікті ұстазы, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің белгілі әншісі – Сержан МҰСАЙЫН Мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды. Осымен тоғызыншы рет тапсырылып отырған марапатқа Арқа өңірінен ат қосқан Сержан сері абыройымызды асырды.

Мәдениет пен өнер, білім мен ғылым салаларында жемісті еңбек етіп, өздерін мәдени, ғылыми орталарда таныта алған жастардың жетістіктерін мойындау, сондай-ақ, оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалған бұл сыйлыққа биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 127 үміт­керлер өтініш білдіріпті. Қор сый­лығын тағайындайтын комиссия 18-ін үздік деп тапқан. Солардың ішінде біздің бетке ұстар ұстаз, шабысы дүлдүл, дауысы бұлбұл Сержан Таранұлы бар.

Қордың биылғы сыйлығы бұйыр­ған үміткерлер арасында «Астана Опера» мемле­кеттік опера және балет театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемле­кеттік академия­лық қазақ му­зы­калық-драма театрының актері Сырым Қашқабаев, «Астана Опера» мемлекеттік балет және опера театры балет труппасының жетекші солисі Мәдина Басбаева, бүгінгі күні Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауына қатысып, жүлделі биіктен көрініп жатқан жас әнші Димаш Құдайбергенов сынды өнерлі жас­тар бар.

Бұл марапат тартылған мәртебе, артылған сенім деп білеміз.

Аққудың қанатына ән сабақтаған Сержандай күміс көмей әншінің өне­ріне берілген шынайы баға осы болар.

Өнер адамының қоғамға сіңірген еңбегі ел аманда елеусіз қалмас.

Қуаныш құтты болсын!

Мирас АСАН.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.