Ақтоғай

 Шабанбай би ауылында “Жас турист” шатырлы лагері жұмысын бастады

Бүгін Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылында “Жас турист” шатырлы лагері өз жұмысын бастады. Былтыр тұсауы кесілген жазғы демалыс айлағы биыл 3 ауысым бойынша жұмыс жасап, 90 баланы қамтымақшы.

“Жас турист” шатырлы лагерінің ашылу рәсімін аудан әкімі С.Әбеуова құттықтау сөзімен ашып берді. Өз сөзінде С.Мірәсілқызы барша балақайларға жазғы демалыстарын жайлы өткізуіне тілектестік білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, Шабанбай би ауылының ардақты ақсақалы М.Кәрімов пен Ә.Ермеков атындағы мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы А.Хасенов ізгі тілектерін білдірді.

Осылайша өрбіген алғысөздердің соңында ала “Әуен” ансамблінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

Салтанатты жиын соңында Шабанбай би ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы С.Әубәкіров пен ең жас турист Е.Болат шатырлы лагердің жалауын көкте желбіретті.

Басқа материалдар

Back to top button