Жаңалықтар

Шағын және орта кәсіпке өріс кең

Экономиканың басты тірегі шағын және орта бизнес екені бесенеден белгілі. Дамуды көздеген кез келген ел шағын және орта бизнеске өріс ашып, қолдау көрсетуге мүдделі. Бұл тұрғыда елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке кең жол ашылып, түрлі несиелік қолдаулар көрсетіп, ауқымды жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылу үстінде. Айталық облысымызға қарасты Шет ауданында шағын және орта кәсіпкерлік жылдан жылға қанат жайып, аудан экономикасының айтарлықтай өсуіне өз үлесін қосып отыр.

Қолда бар статистикалық мәліметке сүйенсек, тап бүгінгі шақта аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген құрылымдар саны 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 272 құрылымға жеткен. 2021 жылдың мерзіміне сәйкес бұл 98,7 пайызды құрайды.

Осы бағытта аудан аумағында жұмыспен қамтылған тұлғалар саны есепті мерзімде 4 760 адамға жетіп, 2021 жылы 102,3 пайызға артқан. Сала бойынша өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 2022 жылдың маусымында 9 млн. 500 мың теңгеге жетіп, 101,6 пайызды құраған. Қолда бар статистикалық мәліметке сүйенсек, тап бүгінгі шақта аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген құрылымдар саны 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 272 құрылымға жеткен. 2021 жылдың мерзіміне сәйкес бұл 98,7 пайызды құрайды. Осы бағытта аудан аумағында жұмыспен қамтылған тұлғалар саны есепті мерзімде 4 760 адамға жетіп, 2021 жылы 102,3 пайызға артқан. Сала бойынша өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 2022 жылдың маусымында 9 млн. 500 мың теңгеге жетіп, 101,6 пайызды құраған.

Жалпы, аудан бойынша, 2021 жылы өз ісін дамытуға және ашуға әр түрлі несиелік серіктестіктермен қорлардан 2 млн. 456 мың теңге көлемінде несие игерілген (2020 жылы 1 350 теңге). Ағымдағы жылға кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жобалар бойынша несиелендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бизнестің жол картасы 2020- 2025» бағдарламасы жүзеге асырылған кезеңнен бастап 2011-2020 жылдар аралығында 566 млн.100 мың теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асқан. 119 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бағдарлама аясында жүзеге асыру үшін жобалар іздестіру бағытында жан-жақты жұмыстар ұйымдастырылып, ауылдық округтармен кент әкімдерімен тығыз байланыс орнап, жүйелі жұмыс жолға қойылған.

2021 жылы Батық ауылында орналасқан «Қайрат» шаруақожалығына жетіспейтін инфрақұрылымын тарту бойынша 17,5 млн. теңгенің тиісті құжаттары дайындалып, Үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешімін тапқан. Бүгінгі күнде конкурс жарияланып, жұмыс жүргізіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, өткен жылы аталған бағдарлама аясында К.Мыңбаев ауылдық округіне қарасты «Жорға 1» ЖШС-нің жетіспейтін инфрақұрылым тарту бойынша 61 млн. 100 мың теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылмақшы екен. «Гемокас» ЖШС-сі 52,2 млн. теңгеге конкурс арқылы жеңімпаз атаныпты. Алдағы уақытта аталған жұмыстарды жүргізуге кіріседі деп отыр.

Соңдай-ақ, 2016-2021 жылдар арлығында грант арқылы 5,5 млн. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асқан. Үстіміздегі жылы осы бағыттағы грантқа қатысу үшін аудан бойынша конкурс жарияланған, өтетін мерзімі қосымша хабарланады екен.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бастау алғаннан бері «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ-нан 2019-2021 жылдары 862,4 млн. теңгені құрайтын 27 жоба несие алды. Іске асырылған жобалар негізінен ауыл шаруашылық бағытын дамытуға және шаруашылық техникаларын алуға бағытталған.

2021 жылы ауылдық округтар мен кенттерде 8 жоба іске қосылды. (7-дүкен, 1-кулинарлық цех). Жобалардың жалпы құны 36 млн. теңге, онда 11 адам жұмыспен қамтылған. Осы жылға 28,5 млн. теңгені құрайтын 5 нысанға жоспар берілген. Онда 15 жаңа жұмыс орны ашылмақшы (4 дүкен, 1 сауда-ойын сауық орталығы, жеке меншік дәрігерлік амбулатория).

Аудан кәсіпкерлерімен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін ауданның қатысты мекеме, бөлім басшыларының және несиелік серіктестіктер мен қорлардың кеңесшілерінің қатысуымен ZOOM қосымшасы арқылы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады», – дейді сала басшылары. 2021 жылы кәсіпкелер арасында ақпараттық-насихаттық бағыттағы жұмыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді екен. 2022 жылы аудан әкімінің төрағалығымен 1 мәрте, аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен 2 рет кездесу өткен.

Кәсіпкерлік бастамашылығы бар аудан тұрғындарына «Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2017-2021 жылдар аралығында 1034 қатысушы оқып, сертификат алған (2021 жылы 6 топта 90 адам оқыды). Биылғы жылы бағдарламаға енгізілген өзгерістерге байланысты оқу тоқтап тұрса керек.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына қолдау көрсету және өз істерін ашуға серпін беру мақсатында аудандық бюджеттен 2015 жылы және 2017 жылы 5 млн. теңге көлемінде аудан әкімдігінің гранты бөлінген. Жобаға қатысқан үміткерлер ішінен комиссия шешімімен жеңімпаздар анықталып, тиісті қаражаттарын алып, өз істерін жүргізіп, бүгінгі күнде әлеуметтік маңызы бар, ауданға қажетті деген бағыттарды қамтып, ауданда кәсіпкерлікті жандандыруға өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлерге грант ұйымдастырылған. 2019 жылы – 5 млн. теңге, 2020 жылы 3 млн. теңге, 2021 жылы 5 млн. теңге. грант қарастырылған. Әлбетте жеңімпаздар комиссия шешімімен анықталды. Ағымдағы жылға 6 млн. теңге қаралып, есепті мерзімге грант жарияланып жеңімпаздар анықталған көрінеді.

Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, жалпы Шет ауданында шағын және орта бизнес жылдан жылға қарқында дамып келе жатқанын көреміз.

Кейінгі 2-3 жылдың аясында аудан көлемінде ауқымды-ауқымды жұмыстар атқарылып, өміршең бағдарлама мен жобалар жүзеге асып, әлеуеті арта түскен.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ,

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button