Шақпақ мыс — табыс көзі

    Өндіріс – өмір өзегі. Мына қым-қуыт тіршілікте өндірісі өрге өрлеген мемлекеттің айдарынан жел есіп, сыртқы нарықтық қарым-қатынастарға кеңінен жол ашылды. Демек, өндіріс экономиканың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Балқаштықтар шақпақтал­ған сары алтындай сары мысымен мақтанады, сол арқылы мәртебесі биіктей түседі. Өйткені, шақпақ мыс шет елге экспортталады, табыс көзі. Міне, осы Балқаштың қара мысынан ең алғаш рет шақпақталған мыс (катод мысы) алынғанына тұп-тура 65 жыл толады екен. Шақпақ мыс электролиздеу ар­қылы жүзеге асырылып, өндіріледі. Демек, мысты элек­тро­лиздеу цехы ұжымының ме­рейтойы.

Не нәрсеге уақыт өлше­мімен қараймыз. Катод мысы­ның даңқы алысқа кетіп, шет елдік зор сұранысқа ие бол­ғалы қашан. Міне, 65 жыл ішінде 12 млн. тоннадан аса шақпақталған мыс шығары­лып, қыруар табыс әкелген. Қаншама буын өкілдері маңдай терін төкті. Бүгінде аға ұрпақ соқпағын жалғастырып келе жатқан өз ісінің шеберлері жетерлік. Мәселен, су ерітіндісінің электролиздеушісі Рысбала Тор­шинова, электролиз учас­кесінің электролиздеушісі Се­рік Айғалиев, дайын өнімдер учаскесінің түсті металдар өнім­дерінің бақылаушысы Айгүл Қыдуақасова сияқты жігерлі, өз ісінің шеберлері еңбек өнім­ділігін арттыра түсуде.

Бүгінде цех ұжымы өзде­рінің мерейтойы қарсаңында еңбек вахтасына тұрып, мыс экспорттау көлемін ұлғайтуға күш-жігерін жұмсауда.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

БАЛҚАШ қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.