Жаңалықтар

Шағбан қарсаңындағы шарапат

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры қалалық мешіттермен және «Ана-Мама» қайырымдылық қорымен бірлесіп әлеуметтік көмекке мұқтаж жүз отбасыға азық-түлік үлестірді.

Игі шара Қарағанды облыстық «Әнет баба» және қалалық «әл-Машани», «Бала қажы», «Қазыбек би» мешіт ұжымының бірлесуімен жүзеге асты.

Қасиетті Шағбан айының қарсаңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғалидің тапсырмасымен аталған игі шара қамқоршысынан айырылған және көпбалалы аналарға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға қол ұшын созу мақсатында ұйымдастырылды.

«Игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жаратқан иеміз Шағбан айын берекелі етіп, Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін», – деді игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы.

Айта кеткен жөн, бір отбасыға азық-түлік (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өкімдері, т.б.) беріліп, үйіне жеткізілді.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button