Жаңалықтар

Еліміздің жаңа картасы дайындалды

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы әзірленді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Өткен жылы Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа үш өңір – Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды. Осыған орай Үкімет іс-шара жоспарын бекітіп, ондағы тармақтардың бірі – Қазақстан Республикасының саяси картасын және жаңа облыстардың тақырыптық картасын өзектендіру болды, – деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бұл бағытта қыруар жұмыс істелген.

–  Әріптестеріміз үлкен жұмыс атқарып, 1:1 500 000 масштабымен Қазақстанның саяси-әкімшілік картасын жасады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылып, 1 млн масштабпен Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының картасы әзірленді. Сонымен қатар 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының, 1:10 000 масштабпен Жезқазған, Қонаев, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды, – деді Әсет Тұрысов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button