Жаңалықтар

Серік Күдебаев елден қашып кеткені үшін тағы 6 айға бас бостандығынан айырылды

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Күдебаевтың елден қашу ісі қаралды.

 

Сот шешімі бойынша, Серік Күдебаев 392-бап “Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту” бойынша кінәлі деп танылды. Оған алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза жиынтығы бойынша және ішінара қосу арқылы генерал жалпы мерзімі – 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.

Кейін Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды.

Ал ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатқаны белгілі болды. Ал БАҚ-та “генерал Солтүстік Кипрде жүр” деген ақпарат та тараған еді. Бас прокуратура Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткені туралы мәлімдеме жасады.

Кейін Бас прокуратура генерал Күдебаев ұсталғанын растады. 28 сәуірде Күдебаевқа сот үкімі шықты. Жетісу облыстық соты мәліметінше, Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button