Жаңалықтар

Серік Ақсұңқарұлы: «Жаһанға үлгі көрсетіп отырмыз»

Күнгей шағын ауданындағы 795-ші сайлау учаскесінде де саяси науқанға тұрғындар белсенділік танытуда.

Сурет автордан

Байқаушылар учаске есігі айқара ашылғаннан ешқандай заң бұзушылық болмағанын айтты. Мұнда ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі күнде халық бірауыздан үн қату керек деді. 

– Референдум – “Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің” айшықты белгісі. Халықты еститін мемлекеттің болашағы жарқын. Халық қай кезеңде де өзіне керегін ашық айта алуы тиіс. Осы саяси шешімнен көп үміт күтемін. Өзімнің барлық шаруамды ысырып тастап, дауыс беруге келдім. 

Жаһанға үлгі көрсетіп отырмыз, – деді Серік Ақсұңқарұлы

Ерік НАРЫН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button