Жаңалықтар

Сенейін бе, сенбейін бе?!

Сурет марқұмның жеке мұрағатынан

Мына өмір не болып кетті?.. Ми айналып, бас қатып отыр… Кеше жүрген Қайратымызды бүгін жоқ дегенге кім сенеді? Алдымнан еркелеп шығып, құшағына алатын қайран Қайратым-ау, неге асықтың екен?

Қай жылы екені қазір есімде жоқ. №2 мектеп-интернатта оқып жүрген кезінде белгілі әдебиетші-ұстаз Ләззат Бәйішқызы әпкелері алғысөзін жазып алып келіп, бір топ өлеңін біздің «Орталыққа» бастырып еді. Содан бастап, елдің аузына ілігіп, «ақын бала» атанып еді. Жүрген жері думан болатын. Арсалаңдаған күлкісі, зілсіз әдемі әзілі, бәрі-бәрі өзіне жарасып тұрушы еді. Біреудің көңілін қалдырмайтын биязы мінез сол қалпыңмен көз алдымда тұрсың. Өмір деген тек қана өкініштерден тұратын сияқты. Бұл да сондай өшпес өкініштің бірі болып, жүрегімнің түбіне шемен болып қатып қалатын ауыр қазаның бірі болды.

Қош, бауырым!

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ

Басқа материалдар

Back to top button