Жаңалықтар

Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Парламент Сенатының депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Stan.kz

Қылмыстық істің қозғалғанын Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеров айтып берді.

– Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды,- деді ол.

Депутат Гүлмира Кәрімова қайтыс болғаннан кейін-ақ парламент алдын ала себеп анафилактикалық шок деп ресми мәлімдеме жасаған болатын.

Анафилактикалық шок – дененің бір екпеге немесе тамаққа аллергиясы.

Бірақ кейінірек денсаулық сақтау басқармасынан өлімнің инфаркттан болғаны туралы жаңа ресми мәлімдеме жасады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button