Бас тақырыпЖаңалықтар

Сексен жылдыққа – сексен шақырым

Жеңістің 80 жылдығына орай «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің аға сержанты Тимур Ержанов 80 шақырымдық марафонды жүгіріп өтті. Ол аталмыш қашықтықты 7 сағат, 21 минут, 11 секундта бағындырды.

Суреттер: №31775 әскери бөлімінен

Сіз нағыз мінез бен рухтың күштілігін, төзімділік пен Отанға деген адалдықты көрсеттіңіз. Сіз жай ғана епті сарбаз емессіз, сіз барлық сарбаздарға нағыз үлгі болатын тұлғасыз. Қатарымызда осындай әскери қызметкерлердің бар екенін мақтан тұтамыз,- деді 31775 әскери бөлімінің командирі, подполковник Марат Бралинов.

Жүгірумен көптен бері айналысып келемін, марафондарға жиі қатысамын. Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгіремін деп шешім қабылдадым. Бұл менің соғыста қаза болғандардың рухына тағзым етіп, ардагерлерге алғыс айту тәсілім. Қолдау көрсеткені және осындай жылы қарсы алғаны үшін қолбасшылыққа алғысым шексіз,- деді Тимур Ержанов.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button