Жаңалықтар

Қарағандылық жігіт танысын тонап кетті 

Қарағандылық жігіт танысының саусағындағы неке жүзігін күштеп жұлып алып қашып кеткен, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандының 34-жастағы тұрғыны қарызын қайтармағаны үшін кешірім сұрау мақсатында көршісінгің үйіне келген. Алайда,  көрші келіншектің қолындағы қымбат бағалы алтын неке жүзігін көріп, ойынан айнып қалған.  

Қас пен көздің арасында, көз ілеспес жылдамдықпен неке жүзігін күштеп жұлып алып, қашып кетіпті. 

Үйде сол кезде келіншектің күйеуі болған. Бірақ, ол  ауырып, төсекке таңылып жатқандықтан, жарына  ұрыдан қорғануға көмектесе алмаған. Ұрлық болғаннан кейін келіншек бірден полицияға хабарласып, көршісінің үстінен шағым түсірген. 

Қылмыскер ұсталды. Дегенмен, осы уақыт аралығында ол жүзіктің көзін жойып үлгерген. Тергеу барысында кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге шығынын толық өтеген.

Қылмыстық іс Октябрь аудандық сотына келіп түсті. Сотталушыға ҚР ҚК 191-бап, 2 бөлімі ” Күш көрсету жолымен ұрлық жасау “бойынша айып тағылды. Сот барысында сотталушы жәбірленушіден кешірім сұраған.

Сот сотталушыны ұрлық жасағаны үшін айыпты деп тауып, 3 жылға еркіндігін шектеді. Сотталушының жұмыссыздығы ескеріліп, 3 жыл мерзім аралығында ол, қоғамдық орындарда күніне жүз сағат мәжбүрлі жұмыс істейтін болды. Сонымен қатар, ол, жәбірленуші Фондына 48 мың теңге төлеуі тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button