Жаңалықтар

Сауда орындарынан ұрлық жасап жүрген азамат ұсталды

Теміртауда сауда орындарынан ұрлық жасап жүрген азамат ұсталды.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне қаладағы сауда орындарының бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Белгілі болғандай, жұмыстың нағыз қызған шағында белгісіз біреу сауда орнындағы сауда нүктелерінің бірінің есігін бұзып, ішінен екі телефон ұрлап кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыдан басқа екі қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол ұрлық қылмысын ірі сауда орындарында жасаған. Сонымен қатар күдікті барлық жағдайларда телефон ұрлап отырған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button