Жаңалықтар

SARYARKA ART FEST – Қарағандыда

Қарағандыдағы Достық үйінде SARYARKA ART FEST халықаралық сəн фестивалінің көрсетілімі өтті. Шаһарға этно стильдегі сəн үлгілерін көрсету үшін еліміздің басқа облыстары мен көрші мемлекеттер дизайнерлері арнайы келді. Еліміздің əр аймағында бірнеше күнге созылатын бұл жобаны ұйымдастыруға «World Nomads Fashion Festival» Дүниежүзілік көшпенділер сəн фестивалі қолдау көрсеткен.

SARYARKA ART FEST – дизайнерлердің, хенд-мейд мамандарының жəне Қазақстандағы шеберлердің жаңа толқынын таныстыруға арналған жоба. Ол тек сəнді ғана емес, туризмді, мəдениетті, білім беруді дамытуға жəне қатысушыларға Орта Азияның басқа аймақтарында өзін көрсетуге мүмкіндік беруге бағытталған. Көрсетілім барысында қонақтар отандық жəне шетелдік fashion-дизайнерлердің жаңа идея ларымен танысты.

Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген негізгі қонақтар арасында музыкант, косметолог, актер, жүргізуші жəне модельдер бар. Жобаны жыл сайын байтақ өлкеміздің түрлі өңірінде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Негізін қалаушы – киім дизайнері Меруерт Мұхамедьярова.

Мұнда 10-ға жуық қатысушы дизайнерлер бас қосты. Бұған дейін «Шығармашыл жастар арасында жаңа мүмкіндіктер» форумы «Аманат» партиясының ғимаратында өткен еді.

Кездесуді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова мен Қарағанды қаласы əкімінің орынбасары Лəззат Ақылжанова құттықтау сөзімен ашты. Ал, əрі қарай дизайнерлер – «Zeken Moda» жобасының негізін қалаушы Қайролла Əбішев, «Nomads Fashion World Festival», «Burana Fashion Week» жəне «podium» жобаларының негізін қалаушы Назира Бегім (Қырғызстан), «Аdras Republic» брендінің негізін қалаушы Софья Юсупова (Өзбекстан) жəне Меруерт Мұхамедьярованың өзі жалғастырды.

Сəн көрсетілімі екі блоктан тұрды. Іс-шара қарағандылық суретші, дизайнер, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Евгения Шульцтің көрмесі аясында өткенін атап өткен жөн. Олардың көпшілігі киізден жасалған. Көрер мендер Қайролла Əбішев, Жəмила Стамбекова (Қырғызстан) жəне Мадина Даниярова (Астана), Салия Бейсенова (Қарағанды) жəне София Юсупова (Өзбекстан), Ақбота Жолдасбек (Астана), Лаура Бектембаева (Өскемен), Мархабат Зейнуллина (Астана), Меруерт Мұхамедьярова жəне кішкентай дизайнер Інжу Мұратбекованың коллекцияларын қызығы тамашалады. Қатысушылардың əрқайсысы шамамен 10 киім үлгісін ұсынып, ақтық сында Алғыс хат пен сертификатқа ие болды.

Жұрт назарына ұсынылған əр киім үлгісі өзінше ерекше. Оларды салтанатты жиындар мен күнделікті өмірде де киюге болады. Этникалық компонент образдармен əсем жəне орынды үйлескен. «Art Line» Қарағанды агенттігінің өкілі Мадина Ахметбаеваның үлгілері де елдің ыстық ықыласына ие болды.

– Киім топтамалары арнайы ережесі бар сəн апталары үшін жасалған. Негізінен топтама белгілі бір тақырыпқа арналған. Сондықтан, бізде этникалық стильде, кездейсоқ стильде, еуропалық стильде коллекциялар бар. Біздің «Индиго» топтамамыз джинсы, табиғи драп жəне матадан этникалық стильде жасалған жəне Қазақстанның дарынды тұлғаларына арналған. Біз өз топтамамыз арқылы əлемде жəне елімізде өмірдің барлық салаларында талантты адамдар өте көп екенін тағы да айтқымыз келді, – деп түсіндірді Артур Евгеньевич.

SARYARKA ART FEST-те ұсынылған топтамалар ою-өрнектермен жəне əшекейлермен əрленіп, бояулармен боялған. Мысалы, «Zeken Moda» топтамасына суретті Қайролла Əбішевтің қызы Армангүл Зекен салған.

– Негізінен барлық топтаманың күнделікті киюге болатындай етіп жасалған. Бізде спорттық сыртқы киім топтамалары бар. Əрине, SARYARKA ART FEST сияқты фестивальдарда біз де өз өнімімізді көрсете аламыз. Меніңше, отандық дизайнерлерді, əсіресе, мемлекет тарапынан қолдау өте маңызды. Балалар, жастар, үлкендер де əдемі киінгісі, сəнді болып көрінгісі жəне киім арқылы өз ойын білдіргісі келеді. Осындай жиындардан кейін бізден көптеген көрермен ақыл-кеңес сұрайды, – деді Артур Ким.

Айтпақшы, «Zeken Moda» сəн үйінде егде жастағы модельдер де бар. Олардың бірі Райхан Өтегенова бір кездері Қайролла Əбішевке бас киім алу үшін жүгінген. Соңында өзі бренд амбассадоры болып 5 жылдан бері еңбек етіп келеді. Райхан ханым сонымен қатар, «Zeken Moda» коллекцияларын көрсететін шоуларға бірнеше рет қатысқан.

Жəлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button