«Сарыарқа» сыртта жүр

   Жоғарғы хоккей лигасында кезекті ойынын түмендік «Рубинмен» өткізген қарағандылық «Сарыарқа» буллит сериясы кезеңінде 2:1 есебімен есе жіберді.

   Есеп 57-ші минутта ашылды. Алғаш­қы шайбаны түмендіктер салды. Ресейліктер сапынан Сафаралеев мергендігімен көзге түсті. 1:0.

   Екі минут өте қарағандылықтар таблодағы көрсеткішті теңестірді. «Сарыарқаның» қорғаушысы Иван Мищенко «рубиндік» қақпашы Франскевичтің қақпасынан саңылау тапты. 1:1.

    Сөйтіп, жеңімпаз буллит сериясында анықталды. Бұл жерде «Рубиндегі» Скородумов командасына жеңіс алып келді. 2:1.

    Қазір «Сарыарқа» 67 ұпаймен турнир кестесінің 4-ші сатысында. 35 ойын өткізіп, 22 кездесуде жеңіске жетті. 13 матчта қарсыластарынан айласын асыра алмады. Ал, лигадағы тағы бір қазақстандық клуб «Торпедо» көш бастап келеді. Өскемендік ұжымның еншісінде – 76 ұпай.

   «Сарыарқаның» келесі ойыны да сыртта өтті. Кеше Қорған қаласында жергілікті «Зауралье» клубымен кездесті.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.