«Сарыарқа» есе қайтарды
Хоккейден ел чемпионатының кезекті ойынында қарағандылық «Сарыарқа» сырт алаңда петропавлдық «Құлагер» клубымен кездесті. Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ал, екінші кездесуде жерлестер 2:4 есебімен есе қайтарды.
Қарағандылықтар үшін бұл ойын оңайға соқпады. Алғашқы кездесуінде ірі есеппен жеңілді. Қарымта ойында да оңайға соққан жоқ. Ойынның алғашқы бөлігінде қарсыластар 18-минут ішінде екі шайба салып кетті. Десе де жерлестер осы таймда есеп алшақтығын қысқартып үлгерді. 18-ші минутта Руслан Демин көзге түсті.
Бұдан кейін ойын күрт өзгерді. Ойынның екінші бөлігінде жерлестер алаң иелеріне мүмкіндік бермеді. Тиімді жасаған шабуылдың нәтижесінде қарағандылылықтар есепте алға шықты. 28-ші минутта Евгений Григоренко, 35-ші минутта Егор Кузьменко есепті 2:3-ке жеткізді.
Соңғы айналымда Никита Баженов жалғыз гол салып, қарсыластарынан айласын асырды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz