Сараптаманың сапасы артады

    Қазақстан Республикасының аумағын өте қауіпті зиянкестердің, фитопатогендік организмдердің және кәнігі арамшөптердің таралуынан қорғамаса, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мүмкін емесі белгілі. Қазақстанның әлемдегі бірқатар мемлекеттермен сауда-саттық қарқынын жандандыруы, туризмді дамытуы, сондай-ақ, ғылыми білім алмасуы нәтижесінде, карантиндік өнімдермен жаңа, не болмаса мемлекетімізде әлі де болса таралмаған карантиндік зиянды организмдердің еніп кету қаупі айтарлықтай көбеюде.

Әлі де болса жер-жерде жаппай таралу мүмкіндігі болмай тұрған жүздеген ауру қоздырғыштардың және арамшөптердің бар екендігін ескере отырып, егер, олар Қазақстанға тасып әкелінсе және мемлекетіміздің таза аймақтарында бейімделіп-жерсініп алса, олардың біразы эфипитотиялық алапат туындатуы мүмкін. Сондықтан, залалданған өсімдік текті өнімдердің бір географиялық аймақтан екіншісіне тасымалдануын бақылау және оларды болдырмау үшін дүниежүзі бойынша өсімдіктер карантині жүйесі қолданылады.

Заманауи ұсыным бойынша өсімдіктер карантині – бұл біздің мемлекетте жоқ немесе азды-көпті кездесетін, бірақ, шектеулі таралу мүмкіндігі бар ауру қоздырғыштардың, зиянкестерді және арамшөптерді мемлекет аумағына тасып әкелуден және еніп кетуінен қорғауға бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.

Аталған жүйеге мемлекет аумағындағы бір ауданнан екіншісіне зиянкестердің, аурулардың және арамшөп өсімдіктерінің тасымалдануының алдын алу, сондай-ақ, шекарадан тыс жерлерден кіргізілген жағдайлар туындаса, олардың таралу ошақтарын жою бойынша іс-шаралары кіреді. Сол себепті, 2016 жылдың 1 маусымынан бастап Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық карантиндік зертхана өз жұмысын бастады.

Зертхана қызметі ҚР АШМ АӨК МИК-нің өсімдіктер карантині бойынша облыстағы аумақтық инспекцияларының мемлекеттік инспекторларымен зертханаға жіберілген карантиндік өнімдердің үлгілерінде карантиндік және басқа да аса қауіпті объектілердің бар екендігін дәлелдеуге, олардың түрлерін анықтауға зерханалық сараптама және талдау жүргізуге бағытталған.

Сонымен қатар, зертхана өкілеттігіне карантиндік өнімдерге сараптама және талдау жүргізу бойынша методикалық кеңес жүргізу және карантиндік өнімдерді талдау және сараптау жүргізу барысында анықталған карантиндік объектілердің картотекасын жинақтау жатады. Зертханаға келіп түскен карантиндік өнім үлгілерінің карантиндік жағдайын нақтылау үшін зертхана мамандары төмендегі сараптама түрлерін жүргізеді:

энтомологиялықкарантиндік зиянкестердің түрлерін табуға және анықтауға (ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұқымдары және астығы, отырғызылатын және телу материалдары, түйнектер, бадана және тірі өсімдіктердің басқа да бөліктері, жеміс-жидек, көкөніс, кепкен жеміс, дәмділік тағамдар, иіру дақылдарының талшықтар үлгісі, сонымен бірге топырақ);

фитопатологиялық – өсімдіктердің ауру қоздырғыштарын табуға және анықтауға (тұқым, түйнек, бадана және өсімдіктердің басқа да жер асты бөліктері, көшет);

фитогельминтологиялық өсімдіктердің және топырақтың жұмыр құрт паразитті түрлерімен залалданғандығын табуға және анықтауға (барлық отырғызылатын өсімдіктер, тамырланған өсімдіктер, көшеттер, екпе көшет, түйнек, бадана, тамыр сабақ, бұтақтар және топырақ үлгілері);

гербологиялық арамшөптердің карантиндік түрлерін табуға және анықтауға (тұқымдық, жемдік және азық-түліктік астықтар партияларынан алынған барлық үлгілер, көкөніс және гүлді өсімдіктер тұқымдарының барлық партиясы, отырғызылатын өсімдіктер, жүн, талшық және жемдік өнімдер үлгілері, кептірілген өсімдіктер жиынтығы және топырақ үлгілері).

Қарағанды облыстық карантиндік зертхана ашылғанға дейін өсімдіктер карантині бойынша меминспекторлар карантиндік өнімдердің үлгілерін сараптамаға Астана қаласының карантиндік зертханасына жіберуге мәжбүр болатын. Ендігі жағдайда күн сайын меминспекторлармен облыстың барлық аудан, қалаларынан аталған зертханаға облыс аумағына келген импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің, сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілердің отандық өнімдерінің үлгілері жіберіледі.

Облыстағы жергілікті тауар өндірушілер үшін тексеру тегін. Қазіргі уақытта жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тауар өндірушілердің өздерінің үндеу жолдауы бойынша олардың карантиндік өнімдеріне сараптама жүргізу мүмкіндіктері жөнінде мәселе қаралуда.

Зертхана ашылғалы 230-дан астам карантиндік өнімдердің үлгілері келіп түссе, олардың 59 үлгісі импорттық өнімдерге тиесілі. Мамандар 520-дан астам сараптама жүргізіп, нәтижесінде, 82 карантиндік емес нысандар анықталды.

2017 жылдың соңына дейін зертхананы заманауи талаптарға сай қондырғылармен жабдықтау жоспарлануда, ол дегеніңіз жүргізілетін сараптамалардың сапасын көтеріп және сараптама уақытының қысқаруына көмектеседі.

К.АМАН,

Қарағанды облыстық карантиндік зертхана директоры.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.