Жаңалықтар

Сарапшылар креативті индустрия мәселелері бойынша заңнаманы өзгерту тәсілдерін талқылауда

Креативті индустрияға тың серпін беру үшін бірқатар заңнамалық құжаттарға өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері креативті индустрия өкілдерімен бірнеше кездесу өткізіп, ол кездесулерде саланы дамыту үшін институционалды инфракструктура мен мемлекет мүлкін пайдаланудың механизмдерін жасау жайы талқыланды.

– Қазіргі уақытта сарапшылар және индустрия өкілдерімен бірге авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бірқатар новеллаларды, креативті индустрия өкілдерін қолдау шаралары мен преференцияларды, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосымша құзыреттер беруді көздейтін креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту тәсілдері талқыланып жатыр, – деді министр. 

Бүгінде нәтижелі креативті хабтар жасақтау үшін өңірлерде креативті индустрияны қолдау жөніндегі іс-шаралар мен қолда бар инфрақұрылым туралы қажетті ақпаратты жинау жүзеге асырылып жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button