Бас тақырып

Saran индустриялық аймағы – отандық өндіріс ордасы

Қашан да бизнес үшін тартымды деп танылған индустриялық аймаққа қызығушылық танытпайтын кәсіпкер кем де кем. Мемлекет тарапынан ұсынылатын жеңілдіктерді айтпағанда, дайын инфрақұрылымының өзі – майлы жіліктің басын ұстатқанмен тең. Оны дұрыс пайдаланып, тиімді басқарар болса – аталған аймақ нағыз «Клондайкқа» айналып шыға келмек. Дәл осы жерде болашақта 6 мыңға тарта адам жұмыспен қамтылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі облысқа жұмыс сапары барысында арнайы соғып, жұмысын көзбен көрген Saran индустриялық аймағында бірнеше кәсіпорындар орналасқан. Оның өзінде жәй кәсіпорын емес, облысты айтпағанда, ел экономикасындағы алар орны батпандай, бюджеттің де қалтасын қампайтатын ірі өндіріс орындары. Бірақ, естіген бір бөлек, көзбен көрген бір бөлек. Осы мақсатта облыстық қоғамдық кеңес мүшелері бір топ журналистермен аталған индустриялық аймаққа пресс-турмен барып қайтты.

QAZTEHNA: БІР АУЫСЫМДА 4 АВТОБУС

Жалпы, статистикалық деректер Қазақстанда 82 158 автобус тіркелгенін көрсетеді. Бірақ, 20 жылдан астам қолданылған 35 733 автобустың әбден тозығы жеткен. Ал, 25 442-сі қауіпсіздік нормаларына мүлдем сәйкес келмейді. 14 692 данасы 3-10 жыл аралығында қолданыста. Осының ішінде бүтін бір мемлекеттегі небары 6 251 автобус қана қызмет еткен мерзімі 3 жыл аралығында әрі нормаларға сәйкес.

Осы орайда жұмысын аз ғана уақыт бұрын бастаған зауыттың алға қойған мақсаты зор екенін айту керек. Мысалы, QazTehna елдің автобус паркін 7 мыңға ұлғайтуды көздеп отыр. Одан бөлек, машина құрастыру саласында 2 мың адамды жұмыспен қамтитыны тағы бар. 2024 жылға дейін бюджетке құйылар қаржы да ауқымды. Яғни, 6 млрд. теңге. Аз қаржы емес.

Зауыт демекші, ел арасында QazTehna жайлы түрлі қауесет бар. Қалаішілік қатынаста, одан бөлек, мектеп оқушыларын тасымалдап жүрген Yutong брендінің жайлы әрі жаңа автобустарын күнде көріп жүрсек те, оның Қарағандыда, оның ішінде Саранда шығарылып жатқанына сену үшін көзбен көру керек. Әлемдегі жолаушылар көлігін өндіретін Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан кәсіпорын басшылығы көлік тетіктерін Қытайдан әкелетінін жасырмайды. Оның өзінде түгелдей емес. Мысалы, автобустар бөлшегінің 33 пайызы жергілікті материалдардан құрастырылады. Алдағы жылда бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады деген жоспар да бар. Автобустардың әр тетігін бұраудан бастап, шанағын бояуға дейінгі күрделі процесс зауыт цехында жүргізіледі. Қытайдан дайын күйінде келетіні – қозғалтқышы ғана. Басқасының бәрі жергілікті жерде жасалады. Жұмыскерлер бір ауысымда 4 автобус дайындап үлгереді екен.

– Біз 2 жыл ішінде шамамен 400 автобус дайындап, еліміздің әр өңірлеріне жібердік. Негізінен тапсырыс бойынша жұмыс істейміз. Автобусты клиенттер Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен өте тиімді шарттарда өнімді лизингке ала алады. Сондықтан, әр тұтынушы өз қалауы бойынша автобустарға тапсырыс береді, – дейді QazTehna бас директоры Арғұлан Майконов.

Бүгінде көмірсутек отынымен жұмыс істейтін қоғамдық қалаішілік көлікті заманауи электромодельдерге ауыстыру – әлем мегаполистерінің ұстанған бағыты. Әуелден экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын ұстанатын Yutong компаниясы электробус шығаруда әбден маманданған. Бұл бағытты QazTehna да ұстанатынын айту керек.

Бірақ, қызықтырғаны – электробустардың бағасы. Мәселен, Саранда шығарылған дайын электробустың бағасы – 100 млн. теңге. Дәл осындай су жаңа көлікті Қытайдан алып келу үшін екі, тіпті үш есе шығындаласыз. Мысалы, 12%-ы – ҚҚС, 10 %-ы – кедендік баж салығы, одан бөлек, утил жиыны, тағысын тағы бар. Осылай, өзге автобустардың да құнын есептей беріңіз.

Бірақ, қазір 500-ден аса адам жұмыс істейтін зауытта жұмыс күшінің жетіспейтінін айтады Арғұлан Майконов. Осы орайда, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ниқанбай Омарханов зауыт басшылығына жұмыскерлер ипотекаға пәтер алу үшін несие беруді қарастыруды ұсынды. Бұл – болашақтың еншісі.

Кәсіпорын негізінен Оқу және ағарту министрлігімен шартқа отырған. Яғни, балаларды тасымалдау үшін мемлекеттік стандартқа сай келетін автобустарды шығарады. 208 автобус еліміздің тоғыз облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек.

Одан бөлек, тапсырыс берушінің қалауы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автобустар да құрастырылады. Түрлі опциялары бар, қосымша пештер орнатылған, бағасы қымбат электр пандусымен жабдықталған автобустың құны – 38 млн. теңге.

Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр.

ARTEL БРЕНДІ ҚАРАҒАНДЫДА ЖАСАЛАДЫ

«Saran» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорынның тағы бірі – Silk Road Electronics зауыты. Құрылысы екі жылдан кейін аяқталуға тиіс кәсіпорын Artel брендімен теледидар, электр сужылытқыш, шаңсорғыш, асүй плитасы мен желдеткіш секілді тұрмыстық техникаларды шығаратын болады. Жоба жетекшісі Мұхтар Омаровтың айтуынша, кәсіпорын іске қосылғанда жылына 1 млн. 100 мың тұрмыстық техника шығарып, 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде басшылық персоналды іріктеп, кәсіпорын есебінен Өзбекстанда оқытуды бастап та кеткен. Silk Road Electronics шығаратын өнім құны сырттан әкелетін тұрмыстық бұйымдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен екенін де айту керек. Себебі, тетіктерінің көп бөлігі Қазақстанда дайындалады. Мысалы, жартылай автоматты кір жуу машиналары – 62 700 теңгеден, асүй плитасы – 65 800 теңгеден, электр пеші – 26 500 теңгеден, шаңсорғыштар – 27 300 теңгеден, ал теледидарлар – 67 мың теңгеден, су жылытқыштары – 35 000 теңгеден басталады.

Кәсіпорынның бұдан бөлек жоспарлары да бар екен. Атап айтқанда, бұған дейін Ресеймен жұмыс істеген Samsung, Indesit тәрізді ірі фирмалармен де келіссөздер де ауыл шаруашылығы техникасы дөңгелектерін өндіре бастайды. Яғни, өндірісті өңірдің сұранысы да осыған сәйкес. Зауыттың жобалық қуаты жылына 3,5 миллион дөңгелек шығаруға есептелген. Ал бюджет кірісі – жылына 43 млрд. теңге.

Зауыт шикізатының канифоль, күкірт, бояғыштар секілді түрлері – Қазақстанның өзінікі. Одан бөлек, 2025 жылы Атырауда мұнайды қайта өңдеу комбинаты іске қосылғанда, шикізатты сол жерден автобустарды рамасынан бастап, түгел өздері құрастыратынын көзіміз көрді. Бұған дейін, Қытайдан дайын күйінде әкеліп, тек, төрт дөңгелегін ғана бұрай салады екенді, естіген едік. Маман ретінде олай емес екенін көрдік. Кішкентай бұрандасының өзі осы жерде бұралады. Автобустарына сұраныс та жоғары. Көш жүре түзеледі. Осы жердегі зауыттардың барлығының келешегі зор, – дейді Ниқанбай Омарханов.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button