Сапа стандарты сақталады
Мемлекеттік қызмет сапасы – мемлекеттік органдар жұмысының басты көрсеткіші. Табиғи монополиялар саласындағы сан түрлі қызметтерді цифрландыру мен ашықтықты арттыру бағытында облыста атқарылып жатқан жұмыстар әртарапты саланың тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру үстінде.

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетіп, қолжетімділігін арттыру, оның ішінде, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, қызметтерді көрсету бойынша бизнес-үдерістерді жетілдіру еліміздің мемлекеттік басқару саласын дамытудың басым бағыты. Сонымен бірге, әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Біріншісі, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру. Екіншісі, егер ағымдағы жылдың басындағы баланста көрсетілген мәміле жүзеге асырылатын мүліктің баланстық құны, әуеайлақ және аэронавигация саласындағы қызметтерді қоспағанда, жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелерді жасауға келісім беру. Үшіншісі, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру және аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру. Соңғысы, аэронавигация және әуежайлар мен коммуникациялар саласындағы қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және шығару. Реттелетін қызметтерді көрсетуге Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген субъектілер ғана рұқсат етеді. Қолжетімділік пен ашықтықты арттыру мақсатында табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда іске асады. Өтініш құжатын электрондық үкіметтің eGov.kz атты веб-порталы, elicense.kz электрондық лицензиялау порталына жүктеуге болады. Аталған веб кеңістік өтініш берушілерге құжаттарды онлайн режимде тапсыруға және қажетті нәтижелерді алуға ыңғайлы мүмкіндік ұсынады. Әлбетте, заман талабына орай электронды қызмет ақпаратты өңдеу уақытын және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайтуға септеседі.
Былтыр салалық департамент 109 мемлекеттік қызмет өтеді. Осы ретте, есепті кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімін бұзу жайттары анықталған жоқ. Көрсетілген мерзімде атқарылған қызметті алушы тараптан шағымдар қабылданбады.
Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар саласында мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету тұтынушыларға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуды ынталандыруға бағытталған. Цифрландыруды жалғастыру және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру экономиканың осы маңызды саласындағы реттеуді одан әрі жетілдіруге игі ықпал ете береді.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»