Жаңалықтар

Санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда

Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдіктері мен «Тазалық Эксперт» ЖШС қыстан кейін қаланы санитарлық тазалау жұмыстарын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта «Тазалық Эксперт» ЖШС мамандарының күшімен жаяу жүргіншілер мен магистраль жолдары тазаланып жатыр. Әсіресе орталық көшелер, аялдамалар, көпірлерді, жарықтандыру тіректерін, жалпы пайдалану орындарын тазалау және жуу бойынша жоспарлы жұмыстар мейілінше жалғасуда.

– Біз кірді кетіру үшін ыстық су мен экологиялық таза жуғыш заттарды қолданамыз. Қазіргі уақытта бірнеше бригада түнгі және күндізгі ауысымда жұмыс істеп жатыр, – деді «Тазалық Эксперт» ЖШС компания өкілдері.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button