Жаңалықтар

Санитарлық тазалау жұмыстары басталды

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданында қысқы кезеңнен кейін санитарлық тазалау жұмыстары басталды. Тазалық жұмыстары барысында аялдамалар,  көпірлер, тротуарлар мен жол белгілері кір мен қардан тазартылды.

Бұдан бөлек, мердігер ұйымдар мен саябақтардағы арнайы орындар, қоқыс алаңдары мен көше бойында орналасқан қоқыс жәшіктері қалпына келтірілуде. Әрі оларды кірден тазартуда.

Сонымен қатар, мамандар кез-келген ғимаратқа, қоршаулар, аялдамалар мен жарықшамдардың тіреулеріне хабарландыру мен басқа да ақпараттық хабарламалар орнатқандарға айыппұл төлейтінін баса айтты. Бұл жағдай ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық оқиға болып есептеледі.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button