Сан соқтырған соңғы айналым
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионаты аясында өз алаңында «Nomad Astana» клубымен кездесіп, негізгі таймда 4:4 есебімен тең түсіп, буллит кезеңінде жеңіліп қалды.
Алғашқы айналымда үш шайба салынды. Қарсыластар сапынан Вячеслав Колесников 3-ші минутта есеп ашқан еді. Араға бес минут салып, алаң қожайындары сапынан Глеб Зайцев пен Дмитрий Стулов қос шайбаны қақпаға тоғытып, командасын алға шығарды.
Екінші айналымда да жерлестер басымдықты жоғалтқан жоқ. «Сарыарқа» сапынан Тимур Шингареев есеп ашқанымен, 23-ші минутта Никита Колобов есепті 3:2-ге жеткізді.
31-ші минутта жерлестер есепті еселеді. Гол авторы Антон Золбин. Бірақ, ойынның аяқталуына 3 минуттай уақыт қалғанда елордалықтар сапынан Олег Бойко есеп алшақтығын қысқартты.
Осы қарқынмен қарсыластар үшінші айналымда таразы басын теңестіреді. Бұл жолы мергендігімен көзге түскен – Денис Недилько.
Қос команда үш айналымның қорытындысы бойынша тең түскендіктен, ойын овертайм уақытына ұласты. Алайда, қосымша берілген бұл уақытта да ешқандай есеп ашылмады. Соңы буллит кезеңіне ұласты. Қарсылас сапынан Вячеслав Колесников пен Диас Гусейнов қақпашыдан айласын асырып, жеңіс голын салды. Осылайша жерлестер соңғы сәтте қарсыластарынан айласын асыра алмады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz