Жаңалықтар

Самат Нұртаза: «Ақылы автотұрақтарды азайту қажет»

Самат Нұртаза Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

jasqazaq.kz

Депутаттың айтуынша, еліміздің ірі қалаларында ақылы көлік тұрақтары қаптап кеткен. Бастапқыда көлік тұрақтары көшелердегі көлік ретсіздігін шешуге бағытталса, кейіннен мәселе түбегейлі шешілмей, халықтың наразылығын тудырған.

 – Жеке серіктес төлем алу  құрылғыларын орнатады. Кірістің 95 пайызы жеке серіктеске, ал 5 пайызы мемлекетке түседі. Абаттандыру, жолды жөндеу және көшені жинау шығындарын қала әкімдігі көтереді. Шарт талаптарын әлеуметтік әділеттілік тұрғысынан қайта қарау абзал, – деді депутат.

Самат Нұртаза сондай-ақ, айыппұл салу жүйесінің әділетсіздігіне тоқталды.

– Ақылы автотұрақтар үшін арнайы айыппұл түрі енгізілген және айыппұл сомасы – 10 350 теңгені құрайды. Яғни, азаматтарымыз 100 теңге төлемеген жағдайда, 10 мың теңге төлеуге мәжбүр. Бұл дегеніміз 100 есе көп. Бұл айыппұлдарды автотұрақ әкімшілері емес, Ішкі істер министрлігі алып отырады. Әкімдік пен ақылы автотұрақ операторларының өзара осындай қарама-қайшылық қатынастары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік талаптарына сай келмейді, – дейді депутат.

AMANAT партиясының депутаты ақылы автотұрақтарды көліктер ең көп жиналатын жерлерде ғана қалдырып, олардың санын қайта қарап, қысқартуды ұсынатынын жеткізді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button