Жаңалықтар

Сайлаушылар кір тасын көтеріп сайысты

Еліміз үшін маңызды Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны ақтоғайлықтар үшін ерекше мерекеге айналды. Өнерпаздардың концерттік бағдарламасын айтпағанда, ұйымдастырылған спорттық іс-шаралар сайлаушылардың спортқа деген құлшынысын арттырды.


Сайлау учаскесіне дауыс беріп шыққан білекті жігіттер 16 келі кір тасын көтеріп сайысқа түсті. Кір тасын көтеру бойынша жоғары нәтиже көрсеткен аудан тұрғындары Руслан Байдүйсенов, Марат Ерғалиев, Бірлік Қашқынов, Жеңіс Әділхан, Бағдәулет Тойшыбеков, Дастан Дауен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде бірде-бір сайлаудан қалмай, дауыс беріп жүрген азаматтың бірімін. Елдің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бүгін сайлауға келіп, кір тасын көтеріп олжалы болдым. Ақтоғай ауданында кейінгі жылдарда мықты спортшылар қатары көбейді. Біздің аймақта кеңінен таралған спорт түрлеріне күрес, волейбол, баскетболды жатқызуға болады. Сайлаумен қатар осындай спорттық іс-шара ұйымдастырып, сайлаушыларды сергітіп жатқан спорт саласының мамандарына мың алғыс, – дейді Бірлік Қашқынов.

Айта кетейік, сайлау барысында кір тасын көтеруден бөлек, қол күрес сынды жарыстар Сарытерек, Нұркен, Шабанбай би ауылдарында ұйымдастырылуда.

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button