Жаңалықтар

Сайлаушы әже шашу шашты

Приозерск қаласында орналасқан №259 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген Ұлболсын әже шашу шашты. Зейнеткер сайлауға мерекелік көңіл-күйде келіп, шашу шашып, жиналғандарға ақ тілегін арнап, дауыс берді.


– Ата салтымызда шашу рәсімі қуаныш пен жақсылықтың белгісі саналатыны белгілі. Біз ежелден қонақжай, ақкөңіл, меймандос халықпыз. Еліміз тыныш, ырысы мол болсын деп шашу шашуды ырым қыламын. Жас ұрпақтың болашағы жарқын боларына сенемін. Бүгінгі сайлауға түскен кандидаттар ел ертеңінің жарқын болуына қызмет етеді деп ойлаймын. Біз аналар қауымы ұрпақтың амандығын, елдің тыныштығын тілейміз,- дейді Ұлболсын әже.


Айта кетейік, Приозерск қаласында 11 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылар үшін жексенбі күнгі кестеге сай жүретін тегін қоғамдық көлік ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сайлаушылар үшін учаскелерде жәрмеңкелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Нұрдос КӘРІМ,

Приозерск қаласы

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button