Жаңалықтар

Сайлау – тың өзгерістер бастамасы

Бұл сайлау – Жаңа Қазақстандағы тың өзгерістер бастамасы болмақ. Себебі, сайлау ел жүгін арқалаған азаматтардың саясат сахнасына шығуына мүмкіндіктер береді. Десе де, олардың халық үддесінен шыға алуы маңызды.

Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы, азаматтық парызы. Қазақстанның болашағын елім деген ерлер көркейтетініне кәміл сенемін. Сондықтан, сайлауға түскен патриот азаматтарға дауыс беруден қалыс қалмауымыз керек. Мен таңдауымды жасадым. Халық қалаған азаматтар Қазақстанды дамытуға өз үлесін қосатыны айқын. Сондықтан елдегі маңызды өзгерістерге жауапкершілікпен қарауымыз қажет.

Үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларда айтылған уәделері орындалса, жаңа реформалар, тың өзгерістер болса, жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенімім мол.

Бұл сайлау демократиялық тұрғыда талаптарға сай өтуде. Яғни, халық өз еркімен таңдау жасауда.

Сайлаудан күтетінім көп. Мәселен, жастарға қолдау көрсету, жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі әлі де болса шешімін таппай отыр. Геодезия және жерге орналастыру саласы бойынша оқу бітірген жастарды тәжірибесі болмағаннан кейін мекемелер жұмысқа алмай жатады. Ал жастардың ел дамуына қосатын үлесі орасан. Сайлау кезінде халық таңдау жасаған азаматтар тек бұл ғана емес, елдегі барша күрмеуі шешілмей тұрған мәселенің түйінін тарқатып, шешімін табатынына, сансыз сауалдарға оң жауап табатынына сенемін.

Халида ҚАДЫЛБЕКОВА,

геодезия және жерге орналастыру саласындағы жас кәсіпкер.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button