Жаңалықтар

Сайлау кезінде жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғаны расталды

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауында жәшіктерге артық бюллетеньдер салынғанын растады, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

 – Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінде жұмыс істеген №279 сайлау учаскесінде жәшіктерге артық бюллетеньдерді салып жіберу фактісі анықталды. Желіде заңбұзушылық анық бейнеленген видео тарады. Бұл іс зерттелді, прокуратура органдары онымен айналысып, тиісті тұлғаларға айыппұл салынды. Атап айтқанда, комиссия төрағасы мен қоғамдық бірлестіктің бір бақылаушысы жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар комиссия төрағасы дереу жұмыстан шеттетілді, – деді Нұрлан Әбдіров баспасөз мәслихаты барысында.

ОСК төрағасының айтуынша, ұқсас құқық бұзушылық Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округіндегі №455 сайлау учаскесінде де тіркелген. Бұл оқиғадан кейін хатшы мен учаскелік комиссияның мүшесіне айыппұл салынып, олар да жұмыстан шеттетілген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button