Сахна көркі — спортшы ұстаз

    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білім беру қызметкерлері құрама командаларының арасында облыстық спартакиада өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттаған X облыстық спартакиаданың финалдық кезеңдері қалалық №48, №97 мектеп-гимназиясынан бастау алды.

Дәстүрлі кәсіподақтық спартакиада жарыстарында волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды. Дүбірлі додада облыс аудандары мен қалалары (Қазыбек би, Нұра, Осакаров, Абай, Қарқаралы, Октябрь, Бұқар жырау ауданы, Теміртау, Саран, Октябрь, Шахтинск қаласы) бойынша қатысты. Қала командалары арасында тоғызқұмалақ және шахмат ойындары бойынша І орынды Қазыбек би ауданының ұстаздар командасы жеңіп алды.

Спартакиаданың алғашқы күні сайыс қатысушыларын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Майра Амантаева құттықтап, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді атап өтіп, денсаулық пен табыс тіледі. Білім қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға, бұқаралық спортты дамытуға шақырды.

Облыстық спартакиада жеңімпаздарына диплом, спорттық кубок, естелік сыйлықтар табысталды. Қарағанды облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, мәслихат депутаттары мен басқа да қонақтар шараға қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Аяулым СОВЕТ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.