Басты тақырыпҚарағанды

«Сақтансаң, сақтайды»

    Міне, жаз мезгілі де келіп жетті. Көптен күткен суға шомылу маусымы басталды. Азаматтар күн қатты ысығанда қала су айдындарында демалуға шығуды ұнатады.

Азаматтардың судағы қауіпсіздігін сақтау мақсатында, Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының мамандары «Жедел құтқару жасағы» ММ мен Қарағанды қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметі мамандарымен бірлесіп, қаладағы су қоймаларына демалушылармен судағы қауіпсіздік туралы әңгіме, судағы қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар тарату жұмыстары жүргізілуде. Қала су айдындарында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаумен қатар, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауына да назар аударуда. Осы мақсатта, құтқарушылар апта сайын қаладағы мектеп жанындағы сауықтыру орталықтарында сауығушылармен сабақтар өткізіп отыр.

Қарағанды қаласы аумағында 17 су қоймасы бар, олардың арасында суға шомылуға болатын су қоймасы – ол Федоров су қоймасы (Яхт-клубы, Спорт демалу жағажайы, Дайв орталығы) мен қаладағы Орталық мәдени демалу саябағындағы су қоймасы. Басқа су қоймаларына шомылуға тыйым салынған.

Қаладағы өткір тұрған мәселелердің бірі – ол азаматтардың суға шомылу орындарын өздері котловандар мен шахталық су тұндырмаларындағы суға шомылуы болып отыр. Ол жерлер қаладан тысқары орналасуынан, қадағалап отыру қиындық туғызуда. Мұндай су қоймаларының бірі – Октябрь ауданындағы Компанейск елді мекеніндегі су қоймасы (бұрынғы БҚЗ). Осы су айдынында судың тереңдігі 24 метрден асады, 2014-2015 жылдары суға шомылу маусымында анықталмаған жағдайда 4 адам суға батып кетті, олардың жас мөлшерлері – 18-35 жас аралығында.

2017 жылғы суға шомылу маусымының ашылуына орай, азаматтарға суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтау және балаларды қараусыз қалдырмау – суға шомылудағы қауіпсіздік кепілі екенін еске саламыз.

Қарағанды қаласы ТЖ басқармасы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button