Сақ қанжары табылды
Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінің аумағынан сақтар дәуіріне тән қанжар табылды. Басқа олжалар қатарында көне зергерлік және керамикалық бұйымдар бар. Қазба жұмыстары кезінде қарағандылық археологтарға жергілікті студенттер көмектесті.
Ескерткіштерді қорғау орталығы директорының орынбасары Жанболат Мәжитовтың айтуынша, талды-қола дәуірінің нысаны саналатын бірегей артефакт – сақтарға тиесілі. Ежелгі қанжар мінсіз күйде сақталған. Артефакт қала тұрғындары мен қонақтары көре алатын өлкетану мұражайына тапсырылмақ. Әзірге қазба жұмыстары жалғасуда.
Археологтар қазба жұмыстары барысында қанжармен қатар жақсы сақталған саз құмыралар мен әшекейлерді тапты.
– Қазба жұмыстарын жүргізген қыпшақ ғибадатханасы төртбұрышты пішінді және шығыс жағында тас мүсіндері бар тас қоршау түрінде ұсынылған, – деді Сарыарқа археологиялық институтының директоры Алексей Кукушкин.
Қазба жұмыстарына 120 студент атсалысқанын айта кеткен жөн. Сарыарқа даласының бірегей археологиялық жаңалықтармен танымал екенін ескерсек, 10 жыл бұрын ғалымдар бірегей сатылы кесене тапқан болатын. Қазіргі таңда Скиф дәуіріне тән пирамида туристер үшін танымал орынға айналып үлгерді.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz