«Сақалды құрылыс» тамырына қан жүгірді

Приозерск қаласында құрылысы ұзаққа созылған үйлердің бірі толық салынады биыл. Көптен күткен су тазарту құрылыстарының жобасы – 90%-ға дайын. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК қалаға жұмыс сапары барысында проблемалық нысанда болып қайтты.

Бұл құрылыстағы жұмыстар қымбатшылыққа байланысты бірнеше жылға тоқтатылды. Қазір жобалықсметалық құжаты түзетілді. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2025» бағдарламасымен осы жылдың соңына дейін нысанды аяқтауы тиіс мердігер анықталды. Құрылыс технологиясына сәйкес тазартудан кейін КТҚ-ға келетін суды екінші рет қолдануға болады. Жобаны іске асыру 33 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Облыс әкіміне қаланың жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндалды. Жеңіс Қасымбек жоспарлы жөнделіп жатқан қазандықты арнайы барып көрді. Мұнда мамандар жүйенің тиімділігін арттыратын қосалқы жабдық – экономайзерлерді жөндеу қажеттілігін анықтады. Облыс басшысына қаржыландыруға көмек сұрап жүгінді. Жабдықты қалпына келтіруге 104 миллион теңге қажет. Жеңіс Қасымбек бұл мәселені пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, қаланы абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бүгінде қалада «Жеңіс» бульвары қалай абаттандырылуда. Көше «Жұмыспен қамту жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша ретке келтірілуде. Гүлзар қала тұрғындарының демалуына барынша ыңғайлы етіп қайта қалыпқа келтіріледі. Мұнда жарықтандыру, шағын сәулет нысандары, орындықтар орнатылады. Көгалдандырылған аймақтар көбейеді.

Приозерск қаласында көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге, аулаларды абаттандыруға бюджеттен қаражат бөлінді. Олардың тек үшеуін ретке келтіру ғана қалды. Қалған 26-сы өткен жылдары жөнделді.

Ал, қалада кезекте тұрғандарға 45 пәтерлік бес қабатты үй салына бастады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі қалалық емханадағы вакцинация орталығына да барды. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпені 750 тұрғын алыпты. Вакцинаның бірінші компонентін алғандар – 1 929 адам.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.