Жаңалықтар

Сәпиев балуанға жасалған “қысымға” қатысты ойын айтты

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қазақстандықтардан балуан Зелимхан Мусихановпен жанжалын ұмытуды сұрады.

Мұның алдында қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Сәпиевпен жанжалдан кейін Мусихановқа қысым жасалып, туыстарын жұмыстан, ал өзін колледжден шығарып жібергенін айтқан.

Сәпиевтің өзі бұл туралы былай деді:

– Бұл туралы бірінші рет естіп отырмын. Оның отбасына қатысты ақпараттан да бейхабармын. Мен қандайда бір қысымға қарсымын. Біздің халықтан бұл жағдайды ұмытуын сұраймын. Жанжалға нүкте қойылған. Спорт – ол әрдайым эмоция, кез келген бәсекелестіктегі қалыпты жағдай. Ол жас жігіттерге тек сәттілік тілеймін, – дейді Серік. 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button