Ұрыста тәуекел ету де – ерлік

«Сарышаған» полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери бөлімінің артиллерист-жауынгерлері артиллериядан оқ ату оқу-жаттығуын бастап кетті.

Жауынгерлік даярлықтың жоспарына сәйкес жеке құрам біріктірілген еснтоп құрамында артиллерианың көрсетілім атысын өткізді, әскери көлігінен 9 – П 140 220 мм Ураган зеңбірегіне оқ жаудырды.

Артиллериядан оқ ату жаттығуына командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Жанібек Мамбетов жетекшілік етті.    Оқу-жаттығудың өту барысы командалық бақылау бекетінен қадағаланды.

Атыс алаңына жайғасқан 1-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының артиллерист-жауынгерлері берілген тапсырмаларды орындауға дайын тұрды. Белгіленген уақытпен берілген пәрмен бойынша артиллерист-жауынгерлер артиллериядан оқ атты.

Бастысы – артиллериядае оқ ату жаттығуының көрсетілім атысы күткен нәтижені көрсетті. Артиллерист-жауынгерлер тарапынан ешқандай ауытқушылық болған жоқ.

Осы ретте 1-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының жеке құрамы асқан жауапкершілік танытқандығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, батарея командирлері атыс кезінде бір-бірімен тез арада тіл табысып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап шықты.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.